Тергеу жүріп жатыр - ІІМ басшысы казиноға миллиондап ақша жаратқан қызметкерлер туралы

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тергеу жүріп жатыр - ІІМ басшысы казиноға миллиондап ақша жаратқан қызметкерлер туралы Фото:elements.envato.com

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Алматы облысының прокуратурасынан ойынханада миллиондаған теңге жоғалтқан ІІМ қызметкерлері туралы ақпарат пайда болғаннан кейін департаментте тексеру басталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Алматы облысының прокуратурасынан ойынханада миллиондаған теңге жоғалтқан ІІМ қызметкерлері туралы ақпарат пайда болғаннан кейін департаментте тексеру басталғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, казинода ойнағаны анықталған мемлекеттік қызметкерлердің ішінде 97 адам ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері.

"Тергеу, тексеру жүріп жатыр. Ондай қызметкерлер болады ғой. Мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің де әдеп кодексі бар. Барлығына адекватты баға беріледі", - деді. Марат Ахметжанов.

Министр тергеу тек қазіргі қызметкерлерге ғана емес, бұрынғы қызметкерлерге де қатысты жүргізіліп жатқанын айтты.

"Кейбірлері жұмыстан шығып кеткендер. Бірақ барлығы тексерілетін болады", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының прокуратурасы тексеру жүргізіп, 305 қазақстандық шенеунік ойынханада 507 миллион теңге жұмсағанын анықтады. Тексеру қорытындысы құзырлы органдарға тапсырылған болатын.

Анықталған мемлекеттік қызметшілер арасында:

Ішкі істер министрлігі - 97;
Қорғаныс министрлігі - 95;
Қаржы министрлігі - 25;
Жоғарғы Сот - 7;
Қаржы мониторингі органдары - 15;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары - 3;
әкімдіктер - 36;
басқа да мемлекеттік органдар - 27.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети