Терренкурдағы даулы учаске мемлекет меншігіне қайтарылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Терренкурдағы даулы учаске мемлекет меншігіне қайтарылды Фото:krisha.kz

Алматы әкімдігі терренкур маңындағы жанжалды учаскені мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл туралы Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде мегаполис басшысы Ерболат Досаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі терренкур маңындағы жанжалды учаскені мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл туралы Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде мегаполис басшысы Ерболат Досаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімінің айтуынша, терренкурдегі су қоймасының жоғарғы бөлігі қазір мемлекет меншігінде. Ол иелік ететін жеке тұлғалардан сатып алынған.

"Аудандағы қоғамдық орындарды дамыту аясында терренкурдағы су қоймасының жоғарғы бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бүгінде оны қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, терренкурдағы жөндеу жұмыстары биыл жыл аяғына дейін жүргізіледі", - деді Досаев.

Кейінірек әкімдіктің баспасөз қызметі бұл биылғы көктемде алматылықтар даулаған жер екенін растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course down  609.28  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети