Экстремизмге немесе террористік әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтері бар адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне тыйым салынады. Бүгін Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған заң жобасында осындай норма енгізіліп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Экстремизмге немесе террористік әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтері бар адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне тыйым салынады. Бүгін Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған заң жобасында осындай норма енгізіліп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Заң жобасы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қатынастарды реттейтін заңнаманы жетілдіруге бағытталады. "Экстремистік немесе террористік ұйымдарды "шетелдік" немесе "халықаралық" деген сөздерді алып тастай отырып, олардың әрекет ететін аумағына қарамастан сотта тану туралы шешім қабылдануы керек. Өйткені, бүгінгі күні Қазақстанда тіркелген ұйымдарды террористік деп соттарда тану тек ерекше шағымдық жағдайда ғана жүзеге асады. Әлбетте, ерекше жағдайда қарау осындай ұйымдарға қатысты санаттағы істердің соттарда қаралу мерзіміне әсер етеді. Әрі бұл ондай ұйымдардың әрекеттерінің алдын алуға теріс әсер етеді", - дейді ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко Мәжілістің жалпы отырысында.
Оның айтуынша, осындай істер бойынша сот шешімдерін жедел орындау санатына жатқызу мәселесі де қарастырылып отыр. Бұдан бөлек, заң жобасымен Қазақстан аумағында таралатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы шешімдерді дереу орындалуға тиісті шешімдердің қатарына жатқызу ұсынылады.
Сонымен қатар, заң жобасымен Жер кодексіне де өзгерістер енгізу қарастырылған. Бұл өзгерістер негізінен жер учаскелерін беру процесiн реттеу, сондай-ақ ҚР Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасына сәйкес ғибадат үйiн (ғимараттарын) салу немесе ғимараттарды ғибадат үйiне қайта бейiндеу үшiн жер учаскелерiнiң нысаналы мақсатын өзгертуді қарастырады.
"Заң жобасында террористік қылмыстары үшін жазасын өтеген адамдарға әкімшілік қадағалау мен бақылау енгізіледі. Сондай-ақ, ұлттық қауіпсіздік органдарында өздерінің экстремизмге немесе террористік әрекеттерге қатысы бар екендігі туралы мәліметтер бар адамдардың Қазақстан Республикасына кіруіне тыйым салынады", - делінген Мәжіліс комитетінің қорытындысында.