Бас прокуратура қазіргі таңда қаңтар оқиғаларынан кейін 44 терроризм актілері бойынша қылмыстық іс қаралып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокуратура қазіргі таңда қаңтар оқиғаларынан кейін 44 терроризм актілері бойынша қылмыстық іс қаралып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Президент тапсырмасы бойынша қаңтар оқиғаларын тергеумен арнайы прокурорлардың басшылығының ведомствоаралық жедел тергеу топтары айналысып жатқанын айтты. Олардың өндірісінде 262 қылмыстық іс бар, оның ішінде 44 терроризм актілері, 47 жаппай тәртіпсіздік бойынша.
"Бүгінде 547 адам жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін күдікті деп танылды. Олардың 269-ы қамауда. Жалпы, ел бойынша тергеу органдары 3702 қылмыстық істі тергеп жатыр. Олардың көбі: ұрлық, тонау, қару жымқыру және басқа ауыр емес қылмыстар. Егер адамдар анықталса, қажетті тергеу жүргізілгеннен кейін істер бірден сотқа жолданып жатыр. Осы қылмыстар үшін соттар 152 адамды соттады. Бүгінде кінәні мойындау және залалды өтеуге байланысты 135 адамның бас бостандығы шектеліп, қоғамдық жұмыстарға тартылды", - деді ол брифингте.
Елдос Қилымжановтың айтуынша, қаруды ұрлаумен және сақтаумен байланысты ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 17 адам бас бостандығынан айырылды.
Ол заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, егер олардың әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салды.
Еске салайық, қаңтар оқиғасы кезінде күш құрылымдарының 3,5 мыңға жуық қызметкері жарақат алды. Мемлекеттік ғимараттарға келтірілген шығынның жалпы сомасы - 30 миллиард теңге.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!