Терроризм туралы жалған ақпарат мемлекетке қанша шығын әкеледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Терроризм туралы жалған ақпарат мемлекетке қанша шығын әкеледі? Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бірінші басқармасының бастығы Алмаз Талқанбаев терроризм актісі туралы жалған хабарламалар бюджетке қанша шығын әкелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бірінші басқармасының бастығы Алмаз Талқанбаев терроризм актісі туралы жалған хабарламалар бюджетке қанша шығын әкелетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талқанбаевтың айтуынша, терроризм актілері туралы хабарламалар түскен кезде құқық қорғау органдары нақты қауіптің болуының алғышарттарын негізге алып әрекет етеді.

Спикердің мәліметіне сүйенсек, қауіп-қатері бар ақпарат келіп-түссе шұғыл қызметкерлер міндетті түрде оқиға орнына барып, азаматтарды эвакуациялап, объектіні егжей-тегжейлі тексереді, жарылғыш құрылғыны іздеп, апаттың болуына жол бермеу үшін шаралар қабылдайды.

Талқанбаев барлық жағдайда дерлік ақпарат жалған болып шығады деп атап өтті.

"Мұндай ойындар қоғам мен мемлекетке елеулі зиян келтіреді. Түрлі мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыс кестесі бұзылып, азаматтарда қорқыныш сезім мен ыңғайсыздық пайда болады. Біздің есептеуіміз бойынша, осындай жалған бір сын-тегеурінге шығу үшін 200-ден 300 мың теңгеге дейін жұмсалады, ал ірі сауда орталықтарының әр сағатынан келген залал миллиондаған теңгемен есептелуі мүмкін. Сонымен, қылмыстық істі тергеу барысында мемлекетке осындай жалған хабарламамен келген материалдық залал жыл сайын 500 мыңнан екі миллион теңгеге дейін екені анықталды", - деді Алмас Талқанбаев ІІМ брифингінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети