06 сәуір 2020 | 12:01

"Тест жасатсаң, жарты жылдан соң өлесің". Полиция WhatsApp-та тараған хабарламаға пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "үйге дәрігерлер мен полицейлер келіп, коронавирусқа тест тапсыруды сұраса, бас тартыңдар" деген хабарламалар тарап жатыр , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының полицейлеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "үйге дәрігерлер мен полицейлер келіп, коронавирусқа тест тапсыруды сұраса, бас тартыңдар" деген хабарламалар тарап жатыр , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының полицейлеріне сілтеме жасап.

"Барлығыңның үйлеріне дәрігерлер мен полицейлер келеді. Кез келген сараптамадан бас тартыңыз. Сіздің бас тартуға құқығыңыз бар. Бұл тест емес, бұл ауру жұқтыру. Бұл халықтың санын 1 миллиардқа дейін азайтудың жолы. Дәрігерлердің өзі қай материалда вирус барын білмейді де! Сосын сізден тағы да екінші рет тест тапсыруды сұрайды, екінші рет тапсырғанда сізден вирус анықталады. Ал вирус бары расталса, сізге екпе жасайды. Ол екпеде наночип пен вирустың мутогені болады!

Бұл сізді баяу өлтіреді деген сөз сөз. Екпе жасаған адам жарты жылдан соң қайтыс болады. (...) Карантин аяқталғанша ешкімге есік ашпаңыздар, екпе жасауларына рұқсат бермеңіздер! Барлығына ескертіңіздер!", - делінген хабарламада.

"Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды. Мұндай хабарлама таяуда көрші елдердің БАҚ-тарында жарияланғанын айтқымыз келеді. Онда да бұл мәлімет жоққа шығарылған еді. Қарағанды облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған қауесеттерге сенбеуге шақырады. Мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне сенуді сұраймыз. Жалған мәлімет таратқандардың жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертеміз", - деді полицейлер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети