25 қазан 2019 18:04

Тестілеу орталығының экс-басшысы 140 миллион теңге жымқырды деп айыпталып жатыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© testcenter.kz © testcenter.kz

Нұр-Сұлтанда Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Рамазан Әлімқұлов сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтанда Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Рамазан Әлімқұлов сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Рамазан Әлімқұлов аса ірі көлемде пара алғаны үшін айыпталды. Прокурор тергеу болжамы бойынша Ұлттық тестілеу орталығының экс-басшысына жеке компаниялар басшылығынан пара ретінде берілген соманы атады. Бұл 140 миллион теңге.

Сот отырысында прокурор Бауыржан Исабеков Әлімқұловтың 2017 жылы ақпанда Ұлттық тестілеу орталығының басшысы болып тағайындалғанын хабарлады.  

Іс материалдары бойынша, оның міндетіне орталықты басқару мен ҰБТ-ны өткізу ғана кірмеген. Орталық міндеттерінің бірі - ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді қадағалау, білім беру сапасын арттыру және студенттік контингентті қалыптастырудың жаңа моделін енгізу.

2017 мен 2018 жылдары орталық жұмыс бойынша басқа өңірлерге шыққан мұғалімдерді қонақ үй қызметімен қамтамассыз ету үшін ЖШС-мен келісім шартқа отырған.  

"Әлімқұлов өзі немесе делдал арқылы қонақ үй қызметін көрсету туралы келісім-шарт жасасқаны, оларды бұзбауы, ұзартқаны, орындалған жұмыс актісін кедергісіз қабылдағаны, қонақ үй қызметін жақсы көрсеткені, сондай-ақ ЖШС-ның жалпы қамқорлығы үшін ЖШС өкілінен аса ірі көлемде пара алды", - деп мәлімдеді прокурор.

Прокурор орталықтың бұрынғы басшысына 60 және 80 миллион теңге көлемінде екі рет ақшалай пара берілгенін атап өтті. Тергеу нәтижесі бойынша, ақшаны Әлімқұловтың үйіне алып келіп отырған. 

Куәгерлердің бірі екі рет тестілеу орталығының экс-басшысының үйіне ақшасы бар сөмкемен келгенін хабарлады.

"...Есік ашық тұрды, мен халат киген әйелді көрдім. Ақшаны Жандарбеков берді. ( ... ) Сөмкеде ақша болған, мен онда өзім үш миллион теңге салдым", - деді куәгер Сатыбалдин. Ол сотталушы адвокатының "Сөмкеде қанша ақша болған?" деген сұрағына жауап бере алмады.

Сотталушы Рамазан Әлімқұлов барлық айыптаулармен келіспейді және кінәсін мойындамайды. Жақын арада ол сотқа жауап береді, айтуынша, сол кезде істің мән-жайын баяндауға дайын.

Сот процесі әлі жалғасып жатыр. Рамазан Әлімқұлов осы жылдың мамырында қамауға алынған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети