Қарағандыда Threads әлеуметтік желісіндегі жазбалары арқылы әлеуметтік, діни және ұлттық араздықты қоздырды деп айыпталған 23 жастағы кәсіпкер Алика Мұхамадиеваның ісі аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандының Қазыбек би аудандық соты Мұхамадиеваға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сот үкімі бойынша М. ҚР ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бірақ жазаны өтеу екі жылға кейінге қалдырылды. Бұған оның 2 жасар баласы бары негіз болған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!