Қазақстанда бірнеше телеарнаға тыйым салынды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайтында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда бірнеше телеарнаға тыйым салынды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайтында айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлік өкілдерінің мәліметінше, "Теледидар және радио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (18-1-бап) 2017 жылы енгізілген өзгертулерге сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында хабар таратын барлық шетелдік теле- және радиоарналар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде ҚР аумағында заңды тұлғаны тіркеуге немесе өкілдігінің (филиалының) тіркеуге міндетті.
"Аталған Заң өз күшіне 2018 жылдың 9 қаңтарында енгендіктен шетелдік теле-, радиоарналар алты ай ішінде ҚР аумағында заңды тұлғаны немесе өкілдігін (филиалын) ағымдағы жылдың 9 шілдесіне дейн тіркеуге міндетті болған", - деп атап өтті министрлік өкілдері.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 307 шетелдік теле- және радиоарналардың тіркелгені, олардың 219-ы өз өкілдіктерін ашқаны, ал 88-і ашпағаны айтылады.
Қазақста аумағында өз өкілдіктерін ашпаған телеарналар тізімінде Киносоюз, THT-Comedy, НТВ-ПЛЮС 3D, КИНОЛЮКС, RU.TV, Дождь, Джей Си Ти Ви, Universal Channel және тағы басқалары бар.
Ведомство мәліметінше, 2018 жылдың басынан бастап министрлік өз өкілдіктерін ашпаған, шетелдік теле- және радиоарналардың иелерімен өз қызметін Қазақстан заңнамасы талаптарына сәйкестендіру қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын. Қазақстан аумағында хабар таратуын жалғастыруға қызығушылық танытатын шетелдік теле- және радиоарналар өз өкілдіктерін ашып, қайтадан тіркеуге тұруы қажет.
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі парақшасында министрліктің 88 арнаның ел аумағында хабар таратуын тоқтатуды қарастыратын бұйрықтарды әзірлегенін хабарлады.