TikTok-та жаңа қауіпті тренд пайда болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

TikTok-та жаңа қауіпті тренд пайда болды Видеодан алынған

Tik Tok әлеуметтік желісінде жаңа қауіпті тренд пайда болды. Жасөспірімдер видео үшін көлік дөңгелегіндегі қалпақшасын ұрлайды. Осыған ұқсас видеолар Желіде таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tik Tok әлеуметтік желісінде жаңа қауіпті тренд пайда болды. Жасөспірімдер видео үшін көлік дөңгелегіндегі қалпақшасын ұрлайды. Осыған ұқсас видеолар Желіде таралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде маусымның ортасынан бастап автокөлік дөңгелегінен қақпақшаларды ұрлайтын жасөспірімдерге шағым түсе бастады. Ұрлық жасалған сәт сыртқы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Интернет-СМИ (@kris.p.almaty.official)

Желі қолданушылары алғашқыда қақпақша жасөспірімдерге не үшін қажет екенін түсінбеген. Көбі сату үшін жинайды деп болжаған. Себебі бір қалпақшаның құны көлік маркасы мен моделіне байланысты 900 теңгеден басталады.

Алайда жасөспірімдер оны Tik Tok-тағы трендті қайталау үшін жасайтыны белгілі болды.

"Жасөспірімдер көлік дөңгелегінен қақпақшаларды шешіп, кейін оны видеоға түсіріп мақтанады. Кім көп қалпақша жинаса, сонда көп лайк және қаралым болады", - делінген әлеуметтік желілердегі жазба сипаттамасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🇰🇿© ZTB QAZAQSTAN 2021 (@ztb_video)

Алматы полиция департаментінде әлеуметтік желілердегі шағымдар зерттеліп жатыр. Ведомство жасөспірімдердің ата-анасына үндеу жасады.

"Жасөспірімдердің ата-анасына баласымен сөйлесіп, оларға ұрлық қылмыстық құқық бұзушылық екенін түсіндіруді сұраймыз. Балалар ненің жаман, ненің жақсы екенін түсінуі керек", - деді ПД баспасөз қызметі өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети