26 қараша 2014 | 15:59

Тимур Құлыбаев әуетасымалдаушылар арасында бәсекелестікті дамытуға кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews иллюстрациясы © Tengrinews иллюстрациясы ©

Тимур Құлыбаев әуетасымалдаушылар арасындағы бәсекелестікті арттыру туралы ұсыныс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астана қаласында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Көлік, логистика және байланыс комитетінің отырысы өтті. 


Иконка комментария блок соц сети

Тимур Құлыбаев әуетасымалдаушылар арасындағы бәсекелестікті арттыру туралы ұсыныс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астана қаласында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Көлік, логистика және байланыс комитетінің отырысы өтті. 

Құлыбаевтың пайымдауынша, Қазақстанның көлік-логистика саласына жеке кәсіпкерлікті жұмылдыру керек. "Бұл саланың өзекті мәселелерін талқылай келе, ҰКП президиум төрағасы азаматтық авиацияға, әуетасымалдаушылар арасындағы бәсекелестікке және мобильдік қызмет көрсетіп, әуебилеттерінің бағасын төмендетуге баса назар аудару қажет деген кеңес берді. Тимур Құлыбаевтың айтуынша, әуежайлардағы логистика мәселелерін шешіп, жеке кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға мол мүмкіндік бар", -делінген ҰКП баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Сонымен қатар, Көлік, логистика және байланыс комитетінің төрағасы AirportManagementGroup компаниясын құру жайында баяндады, бұл компания алты әуежайды басқарады, тағы бесеуі алдағы уақытта берілмек. 

"Қазақстан арқылы тасымалдаудың даму үдерісі шетелдік инвесторларды қатты қызықтырып отыр. Қазір заңды түрде отандық кәсіпкерлердің қызығушылығын қорғау өте маңызды - пұрсатты жүйе құрастырып, бір жағынан ДСҰ мен ЕАЭО бойынша біздің міндетімізді, екінші жағынан Қазақстан индустриясын әртараптандыруды ескеру қажет", - деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

Кездесу барысында Көлік, логистика және байланыс комитетінің төрағасы Асқар Мамин екі теміржол жобасы мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы серіктестік қаралып жатқанын, аяқталған соң ҚТЖ өз үлесінен шығатыны жайлы мәлімдеді. "Дәл осындай жүйені тең үлесті жартылай мемлекетке, жартылай ҚТЖ-ға тиесілі 500 миллион доллар инвестициясы бар, "Құрғақ кемежай" тұрғызылып жатқан "Қорғас" АЭА төңірегінде дамытуды ұсынып отырмыз", - деді Асқар Мамин.     

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети