Тимур Құлыбаев Kazenergy төрағасы қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимур Құлыбаев Kazenergy төрағасы қызметінен кетті Фото: kazenergy.com

Қазақстандық кәсіпкер Тимур Құлыбаев Kazenergy қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қауымдастықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық кәсіпкер Тимур Құлыбаев Kazenergy қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қауымдастықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Kazenergy мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының төрағасы болып Мағзұм Мирзағалиев сайланды.

"Тиісті шешім 8 желтоқсанда Алматыда өткен Kazenergy кеңесінің жеке отырысында қабылданды", - делінген хабарламада.

Kazenergy қауымдастығы мұнай-газ саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында 2005 жылғы 2 қарашада құрылды.

Тимур Құлыбаев 2005 жылдың қарашасынан бері Kazenergy Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдары қауымдастығының төрағасы қызметін атқарды.

Қауымдастық мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсібінде қызмет ететін 59 компанияны біріктірді. Kazenergy қызметінің мақсаты - әлемде және ҚР-да энергетикалық және экологиялық саясаттағы өзгермелі басымдықтар жағдайында ҚР энергетикалық (мұнай-газ және электр энергетикасы) саласының тұрақты және теңгерімді дамуына жәрдемдесу.

Қауымдастық төрағасының қызметі ерікті негізде және оған ақы төленбейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети