Тимур Құлыбаевтың анасы көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимур Құлыбаевтың анасы көз жұмды Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың анасы Раиса Алдабергенқызы көз жұмды, - деп хабарлайды Оlympic.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың анасы Раиса Алдабергенқызы көз жұмды, - деп хабарлайды Оlympic.kz.

"Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа анасы Раиса Алдабергенқызы Құлыбаеваның өмірден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтады.   Қадірлі Тимур Асқарұлы! Біз орны толмас қайғыңызға ортақпыз.

Раиса Алдабергенқызын білетін жандар оның жүрегі мейірімге толы, ақжарқын адам болғанын айтады. Өмірдегі ең асыл адам – аяулы ананы жоғалту ешкімге де оңай соқпайды. Осындай қиын сәтте Сіздің қайғыңызға ортақтасып, қолдау көрсеткіміз келеді. Анаңыз жайлы жарқын естеліктер мен онымен бірге өткізген сәттеріңіз әрқашан жүрек төрінде болары анық. Олимпиадалық отбасы Сіздің жанұядағы ауыр қазаға ортақтасады", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети