Тимур Құлыбаевтың компаниясына 1,7 миллиард теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимур Құлыбаевтың компаниясына 1,7 миллиард теңге айыппұл салынды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Атырау облысында Тимур Құлыбаевтың компаниясына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында Тимур Құлыбаевтың компаниясына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Joint Technologies ЖШС-нен "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС үлесінің 50 пайызын сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 миллиард теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді.

"Сондай-ақ, бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС сот қаулысы бойынша, ӘҚБтК-нің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 324 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұған дейін прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5,7 миллиард теңгеге 50 пайыз үлес түріндегі мүлік мемлекетке қайтарылған болатын", - делінген хабарламада.

2023 жылғы қазандағы Forbes деректері бойынша, Joint Technologies ЖШС меншік иесі Тимур Құлыбаев болып табылатын "Кипрос" ЖШС-нің еншілес құрылымына тиесілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети