Тимур Сүлейменов ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

28 Желтоқсан 2016, 17:29
0
Тимур Сүлейменов ұлттық экономика министрі болып тағайындалды -

Тимур Сүлейменов Қазақстанның Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі сілтеме жасап. 

"Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалсын", - делінген Мемлекет басшысы бүгін қол қойған құжатта.

Сондай-ақ, Ақорданың сайтында Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қуандық Бишімбаевтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі қызметінен, Ерлан Ыдырысовтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінен босатылғаны хабарланды.

Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде туған. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. 2002 жылы “Болашақ” бағдарламасы бойынша Мэриленд университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.

Ал 2010 жылдан бастап 2012 жыл аралығында - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі. 2012 жылғы 1 ақпаннан бастап - Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министрі).


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай