Тіркелмеген сенімхат үшін жыл соңына дейін айыппұл салына береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тіркелмеген сенімхат үшін жыл соңына дейін айыппұл салына береді ©Тұрар Қазанғапов

Полицияға тіркелмеген көлік сенімхатына салынатын айыппұл жылдың соңына дейін сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепехаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицияға тіркелмеген көлік сенімхатына салынатын айыппұл жылдың соңына дейін сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепехаға сілтеме жасап.

"Сенімхат алып тасталады. Қазір заң жобасы Мәжілісте жатыр. Ол жылдың соңына дейін қабылданады, сенімхаттан түгел бас тартылады", - деді Лепеха.

"Бұл жылдың соңына дейін көлік сенімхатын полицияға тіркетпеген азаматтарға айыппұл салына береді деген сөз бе" деген сауалға ол: "Әзірше заңда норма бар - ол әлі күшінде болады, норма алып тасталған кезде тоқтатылады. Әзірше бәрі жол қозғалысы туралы заң бойынша бола береді", - деп жауап берді. 

Бұған дейін жаңадан күшіне енген жол қозғалысы туралы заңға сай, полицияға тіркелмеген көлік сенімхаты үшін жауапкершілік енгізілетіні хабарланған болатын. Бұл үшін тәртіп сақшылары жүргізушіге 0,5 АЕК (926 теңге) көлемінде айыппұл салады.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети