10 сәуір 2020 | 15:21

"ТЖ режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келеді" - Тоқаев

Фото: Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін сәуірдің созына дейін созу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда төтенше жағдай режимін сәуірдің созына дейін созу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Оған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейнебайланыс режимі арқылы қатысты.

Реклама
Реклама

"15 сәуірде төтенше жағдай режимі туралы Жарлығымның мерзімі аяқталады. Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен ауырудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды", - деді Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында.

Қазақстанның бірнеше өңірінде карантин режимі ұзарды

Еске салайық, 19 наурызда Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланған болатын. Ал бірнеше күннен соң Қазақстанның басқа қалалары мен облыстары да карантинге жарияланған еді. Ал 3 сәуірде Нұр-Сұлтан мен Алматыда демалыс аптасы ұзартылды.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 802-ге жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная