11 шілде 2023 | 17:27

ТЖ вице-министрі Тоқаевтың сынынан кейін отставкаға кетуге өтініш берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:primeminister.kz Фото:primeminister.kz

Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Абай облсындағы өрт кезінде Мемлекет басшысы айтқан сыннан кейін қызметінен кетуге өтініш жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Абай облсындағы өрт кезінде Мемлекет басшысы айтқан сыннан кейін қызметінен кетуге өтініш жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев маусымның басында ірі орман өрті болған Абай облысындағы жедел штаб отырысында вице-министр Марат Күлдіковтің баяндамасын үзген болатын. Президент уәкiлеттi органдардың оқиғаға қалай әрекет етуiне және олардың төтенше жағдайдағы iс-әрекеттерiне қатты наразылығын бiлдiрдi.

"Мен қызметінен босатқан министр өзінің тікелей қызметтік міндетін орындауға неге мүлдем немқұрайды қарайды? 14 адам қаза тапты. Сіз осыны түсінесіз бе? Мен олардың отбасыларымен кездестім. Бұл азаматтар өз отбасының перзенттері, отағасы болатын. Бір отбасында екі жасар бала жетім қалды. Адамдардың артында несиелері қалды. Олар отбасының жалғыз асыраушысы еді", - деді сол кезде Тоқаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Akorda (@akordapress)

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі вице-министр Күлдіков жұмыстан босату туралы хаттама толтырғаны туралы ақпаратты растады.

"Вице-министр Марат Күлдіков өз еркімен жұмыстан босату туралы хаттама жазғанын растаймыз. Қазіргі уақытта оны жұмыстан босатуды келісу рәсімі жүргізіліп жатыр", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети