Алматы ТЖД баспасөз хатшысы Гүлдана Нұрымбетованың мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыда қауіпті деп саналатын осындай 100-ге жуық нысан анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы ТЖД баспасөз хатшысы Гүлдана Нұрымбетованың мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыда қауіпті деп саналатын осындай 100-ге жуық нысан анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Тау беткейлердің етегінде, көшкін қаупі бар бөктерінде үй құрылысын жүргізбеуі үшін жиі мониторинг жүргізіледі. Қазіргі уақытта құрылыс жүргізіп жатқан 90-нан астам ұйым анықталды. Барлық нысан бойынша ден қою шаралары қабылданып, тиісті мемлекеттік органдарға хаттар жолданды", - деді Нұрымбетова.
Сонымен қатар, құрылыс кезінде құбырлардың дұрыс салынбауы, олардың тау бөктері мен таулы жерлерде дұрыс жұмыс істемеуі апатты салдарға әкеп соқтыруы мүмкін.
"Өкінішке қарай, тұрғын үй құбырларында ақау жиі кездеседі, салдарынан топырақ нанданып, осындай жағдай болады. Бірақ бұл жерде техногендік сипаттағы жағдай болды деп нақты айтуға болады", - деп толықтырды ол.
Еске салайық, 8 ақпанда түнгі сағат 2-20-да Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануынан лай көшкіні жүргені хабарланды. Төтенше жағдай салдарынан үйлерге зақым келді. Көлемі 3200 текше метр болатын жылжыма түскен. Екі жеке тұрғын үйге, оның ішінде біреуіне ішінара зақым келген.
Кейінірек Алматы әкімі Ерболат Досаев лай көшкіні болған жерге барып, шұғыл түрде көшпелі кеңес өткізді.
Ал Төтенше жағдайлар департаменті өкілі тұрғын үйлердің бірінің астында төрт адам қалуы мүмкін екенін, оның екеуі бала, екеуі ересек адам екенін мәлімдеп, құтқару жұмыстары жүріп жатқанын айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!