ТЖД аптапқа байланысты алматылықтарға үн қатты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖД аптапқа байланысты алматылықтарға үн қатты Әлихан Сариев

ТЖД аптапқа байланысты алматылықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖД аптапқа байланысты алматылықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК №7 ескертуіне сәйкес 17 шілдеде Алматыда 36 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін.

Ыстық ауа райы жүрек-қан тамыры аурулары, артериялық гипертониясы бар, сондай-ақ, инфаркт пен инсультке шалдыққан адамдар үшін қауіпті. Серуен мен шамадан тыс физикалық белсенділіктен шектеліңіз.  

Дәрігердің нұсқаулығын орындап, берілген дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау қажет. Артериялық гипертониямен ауыратын адамдар қан қысымын үнемі қадағалап отыруы керек", - деді ТЖД өкілдері. 

Олар қала тұрғындары мен қонақтарын күн өтіп кетпес үшін серуендеуден аулақ болуға шақырды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course down  603.27  course down  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети