ТЖД көктайғаққа байланысты алматылықтарға ескерту жасады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
elements.envato.com elements.envato.com

Алматыда дауылды ескерту жарияланды, қалада көктайғақ болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда дауылды ескерту жарияланды, қалада көктайғақ болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жалғасы
Алматыны қалың тұман басты

Синоптиктердің мәліметінше, 9 желтоқсанда Алматыда көшпелі бұлт болады. Сонымен қатар, түнде және таңертең қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -3 градус және -5 градус аяз, ал күндіз -1 градус аяз және +1 градус жылу болады.

"10 желтоқсанда көшпелі бұлт болғанымен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -6 және -8 градус аязды, күндіз -1 градус және -3 градус аязды көрсетеді.

11 желтоқсанда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -6 градус және -8 градус аяз, күндіз +3 және +5 градус жылы болады", - деп хабарлады мамандар.

Төтенше жағдайлар департаменті дауыл туралы ескертіп, жүргізушілер мен қала тұрғындарын сақ болуға шақырды.

"Алматы ТЖД көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді жолдағы көктайғаққа байланысты өте сақ және мұқият болуға шақырады. Құлап қалмау үшін көктайғақ кезінде мынадай ережелерді сақтау қажет:

  • қар мен көктайғақ кезінде автокөлікті жүргізу күрт нашарлайды, сондықтан көлікті дұрыс жүргізе алмай, нәтижесінде жаяу жүргіншіні қағып кетуі мүмкін;
  • көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда кесіп өту керек;
  • абай болу керек, әсіресе, жолдан өткен кезде, басқа нәрсеге алаңдамау керек (ұялы телефонмен сөйлесу, тағы басқа);
  • әрқашан аяқ астына қараңыз;
  • аяқкиімді дұрыс таңдауға назар аудару керек: табаны тегіс болу керек және кедір-бұдырлы үлгіні қолдана отырып, сырғып кетпейтін материалдан жасалған болуы керек;
  • қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, тепе-теңдікті сақтай алмай қалуыңыз мүмкін;
  • тротуарлар, аялдамалар, дүкендер алдындағы баспалдақтар, тіпті өз үйінің кіреберісі жиі құлайтын жерлерге жатады", - деп ескертілді департаментте.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro