20 шілде 2017 | 11:38

ТЖД өкілдері Алматы облысы тұрғындарын суға түсу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында суға түсу маусымы басталғалы 73 төтенше жағдай тіркелді, соның салдарынан 112 адам қауіпті жағдайға тап болған. Оның ішінде 29 адам (сегіз бала) суға кетті, жеке құрамның қызметкерлері 83 адамды құтқарды. Мұндай статистикалық мәліметтерді Алматы облыстық ТЖД өкілдері өңірлік коммуникация қызметінің брифингі барсында келтірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облысының Өңірлік коммуникация қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 

Иконка комментария блок соц сети

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Дарынбек Байсариевтің айтуынша, суда төтенше жағдайлардың болуына мынадай жағдайлар себеп: тұрғындардың бақылауда жоқ суларда демалыс өткізуі, мас күйінде суға шомылу, суда қауіпсіздік шараларын сақтамау, Жеке демалыс орталықтарының қауіпсіздік шараларын сақтамауы, суға түсе білмеу, шомылу кезінде өз күшін есептемеу және балаларды суға түсу кезінде қараусыз қалдыру. 

"Адамдардың суға кетуі деректері негізінен кешкі уақыттарда болады, ол кезде суға түсуге тыйым салынған. Оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖ қызметкерлері су қоймаларында демалушыларымен белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы шара барысында құтқарушылар қоғамдық жерлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балалардың қараусыз қалу себебінен қайғылы оқиғаға душар болуы мүмкін екенін ескертіп жатыр. Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарын суға түсу кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді және арнайы барлық жағдаймен қамтамасыз етілген жағажайларда түсуге шақырады. Ол жерлерде ресми түрде құтқарушылар бекітілген және балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды", - деді азаматтық қорғаныс полковнигі Дарынбек Байсариев.

ТЖ департаменті мен жергілікті полиция қызметі бірлесіп жұмыс істеп жатқанын ЖПҚ басшысының орынбасары Шыңғысхан Сабыров мәлімдеді. Ол қандай шаралар қолданылып жатқанын және азаматтардың суға түсу мәдениетін, яғни қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Сонымен қатар жеке демалыс орындарының иелерімен бірлесе жұмыс істеуді күшейту керектігін айтты, себебі сол жерлерде адамдардың суға кету деректері жиілеп кеткен. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети