21 тамыз 2021 | 12:24

ТЖМ "ауған босқындарының келуіне дайындық" туралы құжатты түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Желіде Қазақстанға мыңдаған ауған босқыны келуіне дайындық туралы құжат тарап кетті. Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде Қазақстанға мыңдаған ауған босқыны келуіне дайындық туралы құжат тарап кетті. Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатта Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері "босқындарды орналастыратын орындар туралы ақпарат беруі тиіс" делінген.

Реклама
Реклама

Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Бұл дайындық жұмыстары. Егер бізге басқа елдерден қандай да бір өтініш келіп түссе және мемлекет басшылары деңгейінде осы елге көмек көрсету туралы шешім қабылданса, онда ТЖМ босқындарды қабылдауға дайын болуы керек. Бұл сол жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыруға бағытталған түзетулер.

Мұны Ауғанстаннан босқындарды қабылдауға дайындық деуге болмайды", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Бұған дейін WhatsApp пен әлеуметтік желілерде Қазақстанға Ауғанстаннан босқындар келеді деген қауесет тараған болатын. Ақорда, Сыртқы істер министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная