17 тамыз 2021 16:06

"Орынсыз қауесет". Қазақстанға ауған босқындары келмейтіні айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қазақстандықтар WhatsApp пен әлеуметтік желілерде Қазақстанға Ауғанстаннан босқындар келеді деген қауесет таратып жатыр. Ақорда, Сыртқы істер министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар WhatsApp пен әлеуметтік желілерде Қазақстанға Ауғанстаннан босқындар келеді деген қауесет таратып жатыр. Ақорда, Сыртқы істер министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

StopFake.kz мәліметінше, WhatsApp мессенджерінде Қазақстанға Ауғанстанның 70 000 азаматы келеді деген қауесет тараған. Оған сүйенсек, алғашқы 500 адам ұшақпен Шымкент әуежайына қонған, алдағы күндері тағы 1500 адам келеді екен.

Ауғанстаннан босқындардың келетіні және олардың Шымкент пен Түркістан облысына орналастырылатыны туралы ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды.

"Бүгін тараған ақпарат шындыққа жанаспайды", - дді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімдігі Ауғанстаннан босқындар қабылдауға дайындық жүріп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарғаны хабарланған болатын.

"Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі Ауғанстаннан келетін босқындарды қабылдауға дайындық туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде хабарлайды. Тоғыс елді мекенінің №120 мектебінде жаңа оқу жылына дайындық бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді әкімдіктің баспасөз қызметі өкілі.

Босқындар туралы қауесетті Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли де жоққа шығарды. Ол Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдамағанын мәлімдеді.

"Бұл тақырыптағы қауесеттер орынсыз. Көмек әлемдік ұйым басшылығының ресми өтініші болған жағдайда ғана БҰҰ қызметкерлеріне көрсетіледі", - деп жазды Берік Уәли Facebook-те.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети