Қазақстанда жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда жұмыс істейтін құрылыс салушыларға қойылатын стандарттар мен талаптар күшейтілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда жұмыс істейтін құрылыс салушыларға қойылатын стандарттар мен талаптар күшейтілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутаттардың сұрағына жауап бере отырып, министр Түркиядағы жағдай көптеген елде сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін қайта қарау қажеттілігін туғызғанын атап өтті. Соның ішінде Қазақстанда.
"Қазақстанда 40 пайыздан аса аумақ жер сілкінісі түріндегі табиғи апаттарға бейім. Бақытымызға орай, өткен ғасырда бұл аумақта жойқын жер сілкінісі болған жоқ", - деді Ильин Мәжіліс отырысында.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда сейсмикалық аймақтардағы құрылыс нормалары күшейтілген.
"Қазақстан жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда жобалау және құрылыс нормаларын күшейтті. Оларды бұлжытпай орындау жобалық ұйымдардың, құрылыс салушыларының міндеті, құрылыстың сапасына көбіне солар жауапты. Тек ірі қалаларға ғана емес, сондай-ақ ешбір стандарттарға жатпайтын, тиісінше, жойқын жер сілкінісіне төтеп бере алмайтын кірпіштен салынған ғимараттар мен тұрғын үйлер жиі қолданылатын елді мекендерге де назар аударған жөн. Сондықтан мұнда ауқымды қаржылық инвестицияларды қажет ететін жұмыс ауқымы кең", - деді министр.
Бұл ретте басқарма басшысы Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты ұзақ жылдар бойы "жер сілкінісін болжау және мониторингті дамыту мәселелерінде іс жүзінде дұрыс қаржыландырылмағанын" атап өтті. Дегенмен, қазір 30-дан аса станция институтқа берілді, бұл "жер сілкінісі қаупін егжей-тегжейлі талдауға көмектеседі".
"Біз Түркиядағы жұмысқа толық сараптау жүргіздік, салынған нысандардың сапасы көп жағдайда стандарттарға сәйкес келмеді. Көбінесе бетон оңай ыдырап, арматураның орнына қарапайым темірлер мен сымдар болды, ол төтеп бере алмайды. Қазіргі уақытта Алматы әкімдігі жер сілкінісіне төзімділікті анықтау жобасына бастамашы болды. Менің ойымша, бізде жеткілікті бай тәжірибе бар, инфрақұрылым мен мамандар бар, бұл ҚазҚСҒЗИ бөлімшесі, Алматыда орналасқан. Оларда кез-келген ғимараттың сапалық жағдайын егжей-тегжейлі анықтауға мүмкіндік беретін аспаптық талдау бар.
Сонымен қатар, әкімдік сарапшыларды тартуды қарастырады, талдау неғұрлым егжей-тегжейлі және 100 пайыз сапаға сәйкес болуы үшін Жапониядан мамандарды тарту мәселесі қарастырылып жатыр", - деп қосты Юрий Ильин.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!