ТЖМ өкілі төрт облыстағы су тасқыны туралы айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері төрт облыста 185 тұрғын үйді су басып, құтқарушылар мыңнан астам азаматты эвакуациялады, бес облыста жолдарды су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері төрт облыста 185 тұрғын үйді су басып, құтқарушылар мыңнан астам азаматты эвакуациялады, бес облыста жолдарды су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәліметтер бойынша, күндіз тұрғын үйлерді су басуға болмайды.

"Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында 185 тұрғын және 78 саяжай үйді, 2 әлеуметтік нысанды еріген қар суы басты. Барлық 185 тұрғын үйден, 2 әлеуметтік нысаннан және Ақтөбе облысындағы 63 саяжай үйден су сорып шығарылды. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы 15 саяжай үй бақылауда тұр",- делінген хабарламада.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында барлығы 1 165 адам эвакуацияланды, оның 676-сы уақытша эвакуациялау пункттерінде, 480-і туыстарының үйлеріне орналастырылды, 9-ы үйлеріне оралды.

Қарағанды облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесінде, Қарағанды және Ақмола облыстарында облыстық маңызы бар автожолдардың 6 учаскесінде, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарында жергілікті маңызы бар автожолдардың 18 учаскесінде және Ақтөбе облысында жергілікті маңызы бар автожолдардың учаскесінде бір көпірде су тасып жатыр.

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Түркістан, Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ күштері 1 368 мың м3 еріген қар суы сорылды.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында инертті материалдары бар 68 112 қап төселді. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында 250 м2 алқапта өзендерде мұз кесу жұмыстары жүргізілді.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша алдағы тәулікте Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО және Нұр-Сұлтан қалаларында жаңбыр түрінде аздаған жауын-шашын күтіледі, күндізгі уақытта ауа температурасы +60-тан +200 С-қа дейін, түнгі уақытта 00-ден +100 С-қа дейін көтеріледі. Осыған байланысты өзен бассейндерінде қарқынды қар еруі, еріген ағын қалыптасуы, мұз құбылыстарының әлсіреуі және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro