Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін қайтыс болу жағдайлары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін қайтыс болу жағдайлары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір адам вакцина алғаннан кейін қайтыс болу жағдайы сәйкестік екенін көріп отырмыз. Басымызда соңғы рет вакцина алғаны тұрады. Әрбір жағдайды комиссия бөлек қарастырады. Оның ішінде вакцинамен қандай да бір байланыс бар-жоғын қарастырамыз. Бірақ мысал ретінде айтсақ, коронавирусқа дейін, бір-екі жыл бұрын күн сайын елімізде инсульттан бес адам, инфаркттан жеті адам қайтыс болатын.
Өкінішке қарай, күн сайын өлім жағдайы тіркеледі. Қысым көтерілуі, басқа да түрлі сәттер сәйкес келеді. Біз әр жағдайды зерттейміз. Егер қандай да бір өзара байланыс болса, тоқтата тұруды ұсынамыз (вакцинацияны. - авт.ескерт.). Бірақ қазіргі уақытта тікелей байланыс жоқ екенін көріп отырмыз", - деді Алексей Цой Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинаның туғаннан бастап алатын вакциналардан еш айырмашылығы жоқ. Ол мысал ретінде шешекке қарсы вакцинаны келтірді. Бұл ұқсас принциптер бойынша жасалған коронавирусқа қарсы вакцина, деді ол.
"Қазақстан бүкіл тарихында үнемі вакциналаудан өтіп келеді. Бұл шешек және соған ұқсас вакцина сияқты. Өмір бойына оны 20 рет аламыз. Вакцинасыз асқыну немесе ауруға шалдығу мүмкіндігі мың есе көп. Сондықтан тәуекелдің өзі соншалықты маңызды емес", - деді денсаулық сақтау министрі.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінде вакцина алғанан кейін қайтыс болу жағдайына қатысты тергеу нәтижелері туралы айтылған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!