Тікұшақ және дрондар: Қазақстанда тоғыз есірткі зертханасы, үш қылмыстық топ құрықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тікұшақ және дрондар: Қазақстанда тоғыз есірткі зертханасы, үш қылмыстық топ құрықталды

Қазақстанда "Қарасора-2025" кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатыр. Жазда полиция тоғыз есірткі зертханасын жауып, үш қылмыстық топтың, соның ішінде трансұлттық топтың жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда "Қарасора-2025" кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатыр. Жазда полиция тоғыз есірткі зертханасын жауып, үш қылмыстық топтың, соның ішінде трансұлттық топтың жұмысын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атқарылып жатқан жұмыстарға ІІМ-нің арнайы бөлімшелері мен Ұлттық ұланның күштері тартылған. Операция барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тікұшақ техникасы белсенді қолданылады. Үш ай ішінде 40 әуе ұшуы жүргізіліп, нәтижесінде 20 есірткі егістігі анықталды, 5 мыңнан астам есірткі өсімдіктері жойылып, 1 тоннадан астам салмақта тәркіленген.

Ұлытау облысында есірткіні еліміздің оңтүстік өңірлерінен орталық және солтүстік аймақтарға жеткізу арнасы әшкереленді. Құрамында төрт адам бар қылмыстық топ ұсталды. Олардан жол талғамайтын автокөліктер, оқ-дәрілері бар атыс қаруы және таратуға арналған 103 келі марихуана тәркіленген.

Жамбыл облысында марихуананы дайындап, сатуға дайындаумен айналысқан екі азамат ұсталды. Олардан 206 келі астам есірткі заты анықталып, тәркіленген.

Батыс Қазақстан облысында, жеке тұрғын үйлер орналасқан аумақта, заңсыз түрде жоғары концентрациялы қарасора өсірілген жылыжай анықталды. Операция барысында 47 түп, жалпы салмағы 135 келі есірткі өсімдігі алынған.

Түркістан облысында, таулы және қол жетуі қиын аймақтарда ІІМ мен Ұлттық ұланның бірлескен арнайы тобы жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде үш азамат ұсталып, олардан атыс қаруы, сондай-ақ 650 келіден астам қарасора мен 48 келі көкнәр өсімдігі тәркіленді.

Жезқазған және Сәтбаев қалаларында заңды тауар ретінде бүркемеленген есірткі заттарын жеткізу дерегі анықталған. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 43 тоннадан астам көкнәр тәркіленді.

Үш айындағы нәтиже: 677 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 242 – сату, 220 – заңсыз егіс деректері; 2 тонна марихуана, 47 келі гашиш, 3 тонна қарасора, 155 келі синтетикалық есірткі және 8,5 тонна прекурсор тәркіленді; 27 мыңнан астам есірткі өсімдігі жойылды; 9 есірткі зертханасы жойылып, 3 ұйымдасқан қылмыстық топтың, соның ішінде бір трансұлттық топтың қызметі тоқтатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети