Тіл саясаты комитетіне жаңа төраға сайланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тіл саясаты комитетіне жаңа төраға сайланды Әділбек Қабаев

Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Әділбек Қабаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Әділбек Қабаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қабаев Әділбек Күнесханұлы 1963 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 2011 жылы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Әр жылдары "Арай-Заря" журналында, "Лениншіл жас", "Жас Алаш", "Айқын" газеттерінде корректор, тілші, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, редактор болып жұмыс істеді.

2009-2012 жылдары ҚР Бас Прокуроры Аппаратының тіл саясаты және ақпарат басқармасы басшысының м. а., басшысы, ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі, ҚР Бас Прокуроры Аппаратының медиа-орталығының басшысы, баспасөз қызметінің басшысы болды.

2012-2020 жылдары - ҚР Парламенті Сенаты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің жетекшісі болған. 2020 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети