18 наурыз 2021 | 09:42

Тілеуберді Ердоғанмен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Сыртқы істер министрлігі Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресми сапармен Анкараға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресми сапармен Анкараға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сапар барысында Мұхтар Тілеубердіні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қабылдады. Министр Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл 31 наурызда Түркістан қаласында өтетін Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитіне шақыруды тапсырды. Сондай-ақ, Түркия басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке жолдауы табыс етілді.

Анкараға сапары аясында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының төрағалығымен Бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының 6-шы отырысы өтті. Іс-шара барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың күн тәртібіндегі басым мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын қарастырды.

Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде Түркия Еуразия құрлығындағы Қазақстанның маңызды, стратегиялық және сенімді серіктесі болып табылатынын атап өтті.

"Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың тұрақты жоғары деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтеміз. Бауырлас халықтарымыздың арасындағы мызғымас достық пен жоғары деңгейдегі саяси диалог біздің өзара тиімді стратегиялық әріптестігімізді тереңдетуге толық мүмкіндік береді", - деді СІМ басшысы.

Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың даму қарқынына терең қанағаттанушылық білдіріп, екіжақты және көпжақты форматтағы әріптестікті одан әрі нығайтуға өзара ұмтылысты атап өтті. Нұр-Сұлтан мен Анкараның өңірлік және жаһандық саясаттағы рөлі, сондай-ақ түркі әлеміндегі екі елдің беделі арта түскені атап өтілді.

Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде және Түркия халықаралық аренада біздің тәуелсіздігімізді алғашқылардың бірі болып таныды. Келесі жылы Қазақстан мен Түркия дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтеді. Осы жылдар ішінде елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастық стратегиялық әріптестік деңгейіне жетті. Қазақстан мен Түркия екіжақты, өңірлік және халықаралық алаңдарда тығыз өзара іс-қимыл жасап жатыр.

Сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара табысты іс-қимыл ерекше атап өтілді. Коронавирустық пандемияға қарамастан, екі жақты тауар айналымы 3 миллиард АҚШ долларынан асты және тараптар бұл көрсеткішті 10 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізуге ниетті.

Кездесу соңында Қазақстан мен Түркия СІМ басшылары диалогты жалғастыруға және екіжақты қатынастардың барлық мәселелерін стратегиялық әріптестік негізінде дәйекті түрде шешуге ниет білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети