ТМД Үкімет басшылары кеңесінің видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің видеосы жарияланды © primeminister.kz

31 мамыр күні Ашхабад қаласында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкіметтер басшылары кеңесінің отырысына қатысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 
Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесуде сауда-экономикалық қатынастардың барлық бағыттары бойынша қазақстандық-түрікменстандық ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Келіссөздер барысында энергетика, ғарыш, ауыл шаруашылығы салаларындағы, әскери-өнеркәсіптік кешен, көлік-транзит дәліздерін дамытудағы өзара іс-қимыл келешегі аталып өтті. 

Шағын құрамда делегациялар басшылары ТМД-дағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар мәселелерді шешті.

Кеңейтілген құрамдағы отырыстың басты тақырыптары инновациялық ынтымақтастықты дамыту, зияткерлік меншік нысандарының құқығын қорғау, көлік-логистикалық және туристік салаларда өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, цифрлық экономиканы дамыту, ғарыш саласында жобаларды іске асыру болды.

ТМД Үкіметтері басшыларының кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети