Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс-басшысы Мұрат Оспановтың ісін тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровқа сілтеме жасап.

"Тергеу ісі аяқталды. (...). Қазір қылмыстық істі сотқа жолдау туралы шешім қабылданып жатыр", - деді ол Парламент Мәжілісінде өткен пленарлық отырыстың сыртындағы әңгімеде.
"Оспанов азаптауға душар болды ма?" деген сұраққа, Қожамжаров: "Оның туыстары тиісті органдарға барған, дегенмен ол фактілер расталған жоқ, бірақ соңғы баға сотта берілетін болады", - деп жауап берді.
2014 жылдың 3 шілдесінде сот Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысын қамауға алуға санкция берген болатын. Қаржы полициясы оны табиғи монополиялар субъектісіне болысқаны және оларды қорғағаны үшін 300 мың доллар пара алды деп айыптаған. Оспанов уақытша ұстау изоляторынан тергеу орталығына ауыстырылды.