13 желтоқсан 2017 | 09:57

Тінікеев ереуілге шығып жатқан шахтерлерге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Тінікеев Мұхтар Тінікеев

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев "АрселорМиттал Теміртау" шахтерлерінің ереуіліне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев "АрселорМиттал Теміртау" шахтерлерінің ереуіліне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Арселорға" осы жағдайға ертерек назар аудару керек еді. Осыдан екі ай бұрын Украинадағы "Арселорда" ереуіл болған еді. Калон мырза (Парамжит Калон -  "АрселорМиттал ТМД" бас директоры) сонда ұшып барып, жұмысшыларының жалақысын көтеріп, қайтып келген еді. Ал біздікілер үндемей отыра береді. Мысалы, ол неге осы жағдайға дейін жеткізді, яғни, неге ол шахтерлердің өз құқықтарын қорғағанын күтті? Меніңше, инвесторға шахтерлердің проблемаларына араласатын кез келді", - деді Тінікеев.

Сондай-ақ, Тінікеев шахтерлердің жұмысқа тұрғанда магнитті-резонансты томографияны алып тастау туралы талаптарына қатысты ойын айтты.

"Шахтерлердің қойған талаптарының бірі - магнитті-резонансты томографияны алып тастау. Осы инвестор келген соң жұмысқа тұратындарға магнитті-резонансты томографиядан өту керек деген талап қойылды. Шахтерлер маған шағымданды. Дәрігерлер нәтижесі жақсы сараптаманы беру үшін пара сұрағандарын айтты. Айтуларынша, ондай сараптамалардың бағасы 200 мың теңгеге жетіп қалады. Шахтерлердің де шыдамының шегі бар. Жалпы, проблема жетеді, сондықтан осы проблемаларды дәл қазір шешу керек. Келіссөздер жүргізіп шешу керек. Менің айтарым, мен шахтерлерді қорғаймын", - деді Мұхтар Тінікеев.

Cондай-ақ, Тінікеев болып жатқан жағдайды бақылау үшін Қарағандыға баруды жоспарлап отырғанын айтып өтті.

"Сол жаққа оқиға орнына барып, жағдайды қараймын. Сонда түсінікті болады. Сырттарынан бақылып жүремін, керек болып жатса сөйлесемін. Менің ойымша, негізі онда бас директор Калон немесе Миттал мырзаның өзі жүруі керек", - деді Тінікеев.

"Кеншілердің араны қатты. Енді олардың жер астында әлі қанша уақыт болатынын айту қиын. Бірақ менің білуімше, онда оларға ыстық тамақ беріліп жатыр", - деді Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары.

Еске сала кетейік, осыған дейін 600-дей шахтердің жер астында қалып отырғаны хабарланған болатын. Еске салайық, 11 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" шахтерлері ауысымнан кейін жоғары қарай шықпай қойған. Наразылық танытып жатқандардың туыстары әлеуметтік желілерде жариялап жатқан мәліметтер бойынша, шахтерлер жалақыны өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр екен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети