Төбелес шығарған студенттер Қазақстанға 5 жыл бойы орала алмайды - сенатор

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Сенат депутаты және бұрынғы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Алматыдағы кафелердің бірінде шетелдік студенттердің жаппай төбелесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенат депутаты және бұрынғы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Алматыдағы кафелердің бірінде шетелдік студенттердің жаппай төбелесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төбелестің бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралды. Жазбада бірнеше жігіттің бір-бірін ұрып-соғып, орындықтарды, таяқтарды, тіпті үстелдерді қолданғаны көрінеді.

Марат Қожаевтың айтуынша, студенттерді елден шығару туралы шешім заң талаптарына сәйкес қабылданған.

"Біздің елімізде жүрген кез келген шетелдік азамат біздің заңдарымызды, тәртіптерімізді, дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды құрметтеуі және ең бастысы, өзін қалай ұстау керектігін білуі керек. Бұл – бүкіл әлемге ортақ тәжірибе. Басқа елге барғанда, сол елдің заңдарын сақтауға тырысасыз", – деді Қожаев Сенат дәлізінде.

Сондай-ақ сенатор заңды бұзған шетелдіктердің Қазақстанға 5 жыл бойы орала алмайтынын айтты.

"Бұл жағдайда қоғамдық орында бір-біріне дене жарақатын салуға жақын заңды өрескел бұзу әрекеті болды. Сондықтан заңымыз осындай жағдайларда шетелдіктерді елден шығаруды талап етеді. Олардың Қазақстанда білім алуға байланысты құжаттары жойылады", – деп қосты ол.

Еске салсақ, студенттердің жаппай төбелесі Жаңа жылда болған. Алматы полиция департаменті барлық қатысушылардың анықталып, Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілгенін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети