Қазақстанда карантин шектеулерін бұзғандарға шара қолданылады. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Әділет министрлігі мен Бас прокуратураға осындай тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда карантин шектеулерін бұзғандарға шара қолданылады. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Әділет министрлігі мен Бас прокуратураға осындай тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Эпидемиологиялық жағдай тұрақты түрде бақылауда. Алайда Ashyq қосымшасы карантин шараларының өрескел бұзылғанын көрсетеді. Сондықтан Әділет министрлігі мен Бас прокуратура осы мәселені пысықтап, тәртіпбұзушыларға қатысты барлық тетікті пысықтау қажет", - деп тапсырды премьер-министр Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, қабылданған шаралар эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді, өйткені 2-15 мамыр аралығында жұқтыру дерегі 593 адамға азайған.
"Өткен күндермен салыстырғанда жағдай тұрақталғанын көріп отырмыз. Қазір алты қала "қызыл" аймақта. Бұл қабылданған шаралар нәтижесі. Алайда орталық мемлекеттік органдар бірқатар шара қабылдауы қажет. Халықты вакциналауға ынталандыру үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, әкімдіктер де ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс", - деді Тоғжанов.
Бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне вакцина дозалары арасындағы аралықты нақты белгілеуді тапсырған болатын. Ол халықтың қалауы мен тілегі ескерілуі қажет екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!