ПОДЕЛИТЬСЯ
20 наурыз 2020 | 11:18
Тоғжанов Қазақстанда коронавирустан үш адам қайтыс болды деген хабарламаны жоққа шығарды
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда коронавирустан үш адамның қайтыс болғаны туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда коронавирустан үш адамның қайтыс болғаны туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Коронавирус инфекциясы әлемнің 160 елінде тарады. Қазақстанда 49 адам жұқтырды. Қазір вирустан қайтыс болғандар туралы түрлі фейк хабарламалар тарап жатыр. Қазақстанда коронавирустан ешкім қайтыс болған жоқ", - деді Тоғжанов "Хабар 24" телеарнасында көрсетілген брифингте.
Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті. "20 наурыз 08:30-дағы жағдай бойынша Қазақстандағы коронавирус жұқтыру туралы. Коронавирус жұқтырған тағы 5 адам анықталды. Бүгінде елде барлығы 49 адам, оның 22-сі Алматыда, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екі адам Қарағандыда тіркелді", - делінген еді хабарламада.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также