20 наурыз 2020 11:18

Тоғжанов Қазақстанда коронавирустан үш адам қайтыс болды деген хабарламаны жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда коронавирустан үш адамның қайтыс болғаны туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда коронавирустан үш адамның қайтыс болғаны туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирус инфекциясы әлемнің  160 елінде тарады. Қазақстанда 49 адам жұқтырды. Қазір вирустан қайтыс болғандар туралы түрлі фейк хабарламалар тарап жатыр. Қазақстанда коронавирустан ешкім қайтыс болған жоқ", - деді Тоғжанов "Хабар 24" телеарнасында көрсетілген брифингте.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті. "20 наурыз 08:30-дағы жағдай бойынша Қазақстандағы коронавирус жұқтыру туралы. Коронавирус жұқтырған тағы 5 адам анықталды. Бүгінде елде барлығы 49 адам, оның 22-сі Алматыда, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екі адам Қарағандыда тіркелді", - делінген еді хабарламада. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети