Тойдағы Ван Дамм. Көлік капотына отырып алғандардың видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тойдағы Ван Дамм. Көлік капотына отырып алғандардың видеосы жарияланды Видеодан алынған кадр

Павлодар полицейлері той кортежі қатысушыларының көліктің капотында отырған сәтін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар полицейлері той кортежі қатысушыларының көліктің капотында отырған сәтін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодардағы той кортежінің видеосын YouTube хостингіне Nursultan Kaliev есімді қолданушы жариялады. Видеодағы кадрлардан жас жұбайлардың екі мотоциклшімен және шамамен он көлікпен кетіп бара жатқаны көрінеді. Той кортежінің қатысушылары қаланың орталық көшелерінже көліктерден бастарын шығарып келе жатажы. Бірде кортеж қала сыртындағы тасжолға шығып кетіп, жол жүру ережелерін бұзады: көліктердің алдына отырып алады.

Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалдан кейін полициядағылар осы видеоны тексерді.

"Той кортежі түсірілген видео зерттелді. Ереже бұзушыларды анықтап, оларды әкімшілік жазаға тарту мақсатында осы дерекке қатысты материалдар жергілікті полиция қызметіне жіберілді", - деді Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети