Тоқаев 17 сәуірде Түркияға жұмыс сапарымен барады

Нұрила Достарқызы Корреспондент
Тоқаев 17 сәуірде Түркияға жұмыс сапарымен барады Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"17 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркияға жұмыс сапарымен барады.

Қазақстан Президенті Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысып, панелдік сессияда сөз сөйлейді. Сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған", - делінген хабарда.

Жарнама
Жарнама

Анталия форумы – жыл сайын саяси көшбасшылар, дипломаттар, сарапшылар, бизнес, медиа және азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын жоғары деңгейдегі халықаралық пікірталас алаңы.

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия вице-президенті Джевдет Йылмазды қабылдады. Сол кезде Президент Анталия дипломатиялық форумына қатысатынын растаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама