Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы Анталия дипломатиялық форумына қатысатынын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия вице-президенті Джевдет Йылмазды қабылдады.
Әңгімелесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланды.
Соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, энергетика, логистика, агроөнеркәсіп кешені, білім және туризм салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Бұдан бөлек, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, Таяу Шығыстағы күрделі ахуал жөнінде пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлін жоғары бағалап, алдағы Анталия дипломатиялық форумына қатысатынын растады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!