Тоқаев Әбдел Фаттах ас-Сисимен телефон арқылы сөйлесті

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Әбдел Фаттах ас-Сисимен телефон арқылы сөйлесті © akorda.kz

Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах ас-Сисимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Мысыр Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах ас-Сисимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мысыр тарапының бастамасымен ұйымдастырылған жоғары деңгейдегі сұхбат барысында мемлекет басшылары екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен бағыттарын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-мысыр қатынасының тамыры терең болғанымен, екі ел арасындағы заманауи дипломатиялық қатынастардың орнағанына биыл 30 жыл ғана толғанын атап өтті. Осы мерзім ішінде екіжақты ынтымақтастықтың әртүрлі саласы бойынша бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. Дегенмен бүгінде екі ел арасындағы байланыстарының әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанына назар аударған Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр тарапын сауда-экономика саласындағы ықпалдастықты дамытуға шақырды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қаңтар оқиғаларына қатысты алаңдаушылық танытып, ниеттес екенін білдіргені үшін Әбдел Фаттах ас-Сиси мен Мысыр халқына алғысын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жағдайдың тұрақталғанын айтып, әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың жаңа стратегиясын жүзеге асыру шаралары қабылданғанына тоқталды. Президенттің айтуынша, Қазақстан халқы болашаққа нық сеніммен қарайды.

Сұхбат соңында Мемлекет басшысы Мысыр президентін Қазақстанға өзіне қолайлы мерзімде сапармен келуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети