Тоқаев Абдулла әл-аш-Шейхке "Достық" орденін табыстады

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Абдулла әл-аш-Шейхке "Достық" орденін табыстады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігі консультативтік кеңесінің төрағасы Абдулла әл аш-Шейхті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігі консультативтік кеңесінің төрағасы Абдулла әл аш-Шейхті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Сауд Арабиясын ислам әлеміндегі сенімді серіктес әрі Қазақстанның Тәуелсіздігін таныған алғашқы араб мемлекеттерінің бірі екенін атап өтті.

"Сауд басшылығымен әрқашан байланыстамыз. Тамызда тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман әл Саудбен телефон арқылы әңгімелескен кезде бірқатар келісімдерге қол жеткізілді. Ал қыркүйекте инвестиция министрі Халид әл-Фалихпен кездестім. Бұл байланыстар екі ел арасындағы ынтымақтастыққа серпін береді деп есептеймін", - деді Мемлекет басшысы.

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастар талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев сауд компанияларының әлемдік нарықтағы мүмкіндіктері мен тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы жобаларға белсенді қатысуға шақырды.

Сауд Арабиясы Корольдігі консультативтік кеңесінің төрағасы Абдулла әл аш-Шейх Қазақстан Президентіне алғыс айтып, еліміздегі сапары табысты өтіп жатқанына ризашылық білдірді.

"Мен бауырлас, достас Қазақстанға келгеніме қуаныштымын. Біз парламенттік деңгейде жемісті кездесулер өткіздік. Мұндай жүздесулер екі елді жақындастыра түседі. Мемлекет басшылары қабылдаған шешімдерді жүзеге асыруда осындай сапарлардың мәні зор деп есептеймін", - деді Сауд Арабиясы Корольдігі консультативтік кеңесінің төрағасы.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Абдулла әл аш-Шейхті ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети