Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасын қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасын қабылдады Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Роговты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Роговты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның қызметі жөнінде есеп берілді.

Игорь Рогов Мемлекет басшысына Комиссияның отырыстарында адам құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметі, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен арнайы органдардың қызметінде азаптау фактілерінің алдын алу мәселесі қаралғанын айтты.

Президент адам құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі екенін атап өтті. Қазақстан Конституциясына сәйкес, адам өмірі – ең жоғары құндылық.

Мемлекет басшысына Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының жұмысы жөнінде мәлімет берілді. Игорь Рогов – Қазақстанның атынан осы комиссияның мүшесі және Омбудсмен институты жөніндегі шағын комиссияның президенті. Президенттің айтуынша, жуырда конституциялық түзетулерді пысықтау барысында Венеция комиссиясының Омбудсмен мәртебесін көтеру жөніндегі ұсыныстары ескерілді. Бұл адам құқықтарын сақтау саласына бақылауды күшейтеді және мемлекетті халықтың сұранысына жедел жауап беруге ықпал етеді.

Игорь Рогов Венеция комиссиясы елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық және саяси реформаларға оң баға бергенін айтты.

Қазан айында Венеция комиссиясы, Парламент Мәжілісі мен Әділет министрлігі "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" Конституциялық заң жобасын талқылауды жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети