Тоқаев Адам құқықтары туралы Жарлығын толықтырды

Тоқаев Адам құқықтары туралы Жарлығын толықтырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 сәуірде "Қазақстан Республикасының Адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы" Жарлыққа толықтырулар енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 13 сәуірде "Қазақстан Республикасының Адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы" Жарлыққа толықтырулар енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев құжатқа мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы қаулы қабылдады:

1 тармақта:

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

"1-1) жұмыстың мынадай бағыттарын көздейтін адам құқықтары мен Заң үстемдігі саласындағы одан арғы шаралардың жоспарын бекіту:

әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою;

ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету;

бірлестік бостандығы құқығы;

мүгедек адамдарға қатысты адам құқықтары;

адамның қылмыстық сот төрелігі, азаптаулардың жазасы мен алдын алу және қатыгез қарым-қатынас саласындағы құқықтары;

адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;

көшіп-қонушыларға, азаматтығы жоқ адамдарға және босқындарға қатысты адам құқықтары;

БҰҰ органдарымен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;"

2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

"2) іс-шаралар жоспарын және одан әрі шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету;

3) жыл сайын 25 қаңтарға қарай жыл қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының және одан әрі шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети