Тоқаев адам өліміне әкелетін жол апаты себептері туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев адам өліміне әкелетін жол апаты себептері туралы пікір білдірді Әлеуметтік желілерден алынған фото

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдардағы қайғылы оқиға азаймай тұрғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдардағы қайғылы оқиға азаймай тұрғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


"Осы тұста мына бір аса маңызды мәселені қайта атап өткім келеді: біз қоғамда заң үстемдігі қағидатын, яғни, заңға бағыну мәдениетін түбегейлі орнықтыруымыз қажет.

Заң мен тәртіп идеологиясы күнделікті өмірдің барлық саласында қатаң сақталуға тиіс: қоғамдық орындағы жүріс-тұрыс мәдениетінен, оның ішінде жиын-тойлардан, тұрмыстық мәдениеттен бастап, жолда көлік жүргізу мәдениетіне дейін осы мызғымас қағидатқа сай болуы керек.

Мен бұған дейін де өз сөздерімде жол қауіпсіздігі мәселесіне арнайы тоқталдым. Өкінішке қарай, Қазақстанда жыл сайын көлік апатының кесірінен, соның ішінде көп жағдайда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзудың салдарынан мыңдаған адам көз жұмады. Бұған жол беруге болмайды", - деді Президент.

"Бұрын елімізде көлік апатының көптігіне жолдың нашарлығын желеу қылатын. Соңғы бірнеше жылда барлық өңірдегі жол инфрақұрылымын ауқымды түрде жаңғыртуды қолға алдық. Бірақ қайғылы оқиға азаймай тұр.

Демек бұл жағдайға Үкімет пен қоғам жіті назар аударуы керек. Азаматтар бекітілген ережелердің бәрін мүлтіксіз сақтайтын көлік жүргізу мәдениетін қалыптастырған дұрыс".

"Полицейлермен тәжікелесу, тіпті оларға шабуыл жасау фактілерін тыю қажет. Мұндай жағдайларға, сондай-ақ құқықтық нигилизм дертіне шалдыққан адамдарды, басқаша айтқанда, сотқарлар мен бұзақыларды "қаһарман" жасауға заң аясында қатаң шара қолдану керек.

Біз өркениетті ұлт болғымыз келсе, полицейлердің, дәрігерлердің, мұғалімдер мен қызмет көрсету саласы мамандарының, жалпы, адал әрі заңға бағынатын азаматтардың ар-намысына тиетін кез келген әрекетке батыл түрде тосқауыл қоюымыз қажет".

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 473.13   558.43   6.15 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети