Тоқаев: Әділетті Қазақстанды кемеңгер көсемдер емес, қарапайым еңбеккерлер құрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев: Әділетті Қазақстанды кемеңгер көсемдер емес, қарапайым еңбеккерлер құрады Фото ©️ Турар Казангапов

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін марапаттауға арналған жиында сөйлеген сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда заң мен тәртіпті орнықтыру үдерісінде атқаратын рөлі айрықша екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін марапаттауға арналған жиында сөйлеген сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда заң мен тәртіпті орнықтыру үдерісінде атқаратын рөлі айрықша екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Әділетті Қазақстанды кемеңгер көсемдер, аңыздағы қаһармандар емес, қарапайым еңбеккерлер мен адал азаматтар құрады. Осындай адамдарды жан-жақты насихаттау қажет. Заманымыздың нағыз батырлары және ұлтымыздың сенімді тірегі – осындай адамдар. Мемлекеттің қуаты – халықта, ал халықтың қуаты жасампаз күш-жігерде және отаншылдықта.

Сондықтан еліміздегі барлық ауқымды өзгерістер адамға, оның қарым-қабілетін толық ашуға бағытталған. Біз үшін реформалардың өзі ғана емес, түпкі мәні маңызды. Біздің реформаларымыз қызыл сөзге емес, нақты іске негізделген.

Басты мақсат – азаматтарымыздың болашаққа деген сенімін нығайтып, әл-ауқатын арттыру. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда Заң мен тәртіпті орнықтыру үдерісінде атқаратын рөлі айрықша. Бұл – елімізде жүргізіліп жатқан жаңғыруларға негіз болатын қағидаттардың бірі", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети