Тоқаев Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысты Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке биыл өңірдегі егіс алқабының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 миллион гектарға жеткені баяндалды.

Болжам бойынша аймақтағы агроқұрылымдар 7 миллион тоннадан астам дәнді, 650 мың тоннадан аса майлы дақыл жинамақ. Бүгінге дейін 3,6 миллион тонна астық бастырылды. Орта есеппен 1 гектар алқаптан 15,4 центнер өнім алынған. Жиналған өнімнің сапасы жоғары.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде мол өнім беретін майлы дақылдар алқабын ұлғайту жұмыстары жалғасып жатыр.

  • 2023 жылмен салыстырғанда мұндай егістік алаңының көлемі 2,5 есе артып, 495 мың гектарға жеткен.
  • Осындай көпбейінді шаруашылықтардың бірі – "Зеренді сақтау өнімдері" ЖШС.
  • Кәсіпорын директоры Ербол Жауаровтың айтуынша, шаруашылық дәнді және бұршақты дақылдарды өсірумен, сиыр, жылқы тұқымдарын асылдандырумен айналысады.
  • Бұдан бөлек, серіктестіктің қуаттылығы 2,5 мың тонна болатын май зауыты, құс фабрикасы мен диірмені бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети