Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістерге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Сенат өзгерістерді 24 маусымда қабылдады. Жаңа ереже бойынша құқықбұзушылықтардың төрт түрін қарау және жаза қолдану бойынша учаскелік инспекторлардың өкілеттіктері кеңейеді:
- кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүруі;
- көлік құралдарында кәмелетке толмаған балалар отырған жағдайда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салу ережелерін бұзу;
- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкімшілік бақылау ережелерін немесе оған
- қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамауы;
- көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі жасау.
Сондай-ақ, заң бойынша шенеуніктер "бұрынғы" заңсыз тексерулері үшін жазаланады. Бұл туралы 2 маусымда Мәжіліс отырысында депутат Гүлнар Бижанова мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының заңсыз тексеру жүргізу деректері бойынша жауапкершілігін күшейту мақсатында заң жобасы оларды әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін бір жылға дейін ұзартатынын түсіндірген болатын.
"Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын заңсыз тексеру жүргізгені үшін, сондай-ақ бақылау мен қадағалау нысандары бойынша жауапкершілігін күшейту мақсатында оларды әкімшілік жауапқа тартуға болатын мерзімді бір жылға дейін ұзарту ұсынылды", - деді депутат Гүлнар Бижанова Мәжілістің жалпы отырысында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!