Тоқаев Ақордада бас мүфтиді қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Ақордада бас мүфтиді қабылдады Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қасиетті Рамазан айына орай еліміздің барша мұсылмандарына ізгі тілегін жолдады.

Мемлекет басшысына Рамазан айында еліміздің әрбір аймағында ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық шаралар жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамда дәстүрлі ислам дінін кеңінен дәріптеу және ел игілігі мен бірлігі жолында атқарып жатқан жұмыстары жөнінде баяндады.

Бас мүфтидің айтуынша, діни басқарма осы жылды "Ислам және ізгі қоғам" жылы деп жариялады. Оның аясында жыл бойы бірқатар маңызды іс-шара ұйымдастырылады. Сондай-ақ ұлттық салт-сананы жаңғырту, дәстүрлі исламға басымдық беру үшін алдағы уақытта бірқатар жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Мемлекет басшысы мүфтияттың бастамаларына қолдау білдіріп, халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу маңызды екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети