Тоқаев Ақордада танымал хирург Юрий Пяны қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Ақордада танымал хирург Юрий Пяны қабылдады Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президентке University Medical Center корпоративтік қоры қызметінің нәтижесі мен алдағы жоспары туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына мекеме негізінде алғашқы Интеграцияланған академиялық медициналық орталық құру арқылы UMC-ді трансформациялау барысы туралы мәлімет берілді. Негізгі мақсат – білім беру, зерттеу ісін және клиникалық тәжірибені тоғыстыра отырып, медициналық қызмет сапасын жақсарту.

Юрий Пя Қасым-Жомарт Тоқаевқа заман талабына сай дәрігерлерді даярлау үшін Қордың жүзеге асырып жатқан шаралары туралы айтты. Сондай-ақ, еліміздегі медициналық білім беру ісін жетілдіру перспективалары туралы көзқарасын жеткізді.

Кездесу барысында отандық денсаулық сақтау жүйесінің түйткілді мәселелері, соның ішінде қолданыстағы инфрақұрылымды тиімді пайдалану және Қазақстанда медициналық көмек көрсету сапасын арттыру шаралары талқыланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети